Түркістан облысының адам әлеуетін дамыту басқармасының "№19 колледжі" МКҚК
0
2018-2019  оқу  жылында  колледжімізде  көптеген   іс-шаралар  өткізілді.

Былтырғы  оқу жылында  мемлекеттік тапсырыспен  - 300  талапкер оқуға қабылданып  студент  атанса   оның    200 студенті   9  сынып  білімнен кейін  100  студенті  11- сыныптан  кейінгі  біліммен  қабылданды.Қабылданған  студенттердің  175  республикалық  бюджет,ал  125  облыстық  бюджеттен қаржыландырылса,өткен  оқу  жылында  219  студент  бітіріп,5  студент  үздік  диплом  алды.. .

          

Жаңа  ғимараттың  ашылуына  орай  материалдық  базаның типтік  үлгісін  ескере  отырып  облыстық әдістемелік  кабинет мамандары облыстық  колледждер  арасында өндірістік  оқыту  шеберлерінің   облыстық  байқауын  өткізді.       

       

Облыстық  өндірістік оқыту  шеберлерінің байқауында  фермер шаруашылығының өндірістік оқыту шебері Қанаев  Мұрат тұңғыш  рет бас жүлдені иеленді.

            

Облыстық   жастар  ресурстық  орталығы  мамандарымен бірлесе   колледж  студент  жастары  «Жастар діни   экстремизм мен  терроризмге  қарсы»  атты  акция  өткізді.

                

Өткізілген  акцияның  эстафетасын  Ордабасы ауданының  жастарына жолдап,ол  барлық интернет ресурстарға тарап,фейсбукқа  видеоролик  шығарылып  «Бәйдібек  жастары  бірге»  атты  флешмобпен  жіберілді.

          

Облыстық  мемлекеттік қызмет істері агенттігінің    нұсқаулығына  сәйкес  «Студенттерге қызмет  көрсету  орталығы» ашылып,орталықпен  бірге  студенттердің  «Саналы  ұрпақ»  клубы  құрылды.

 «Саналы  ұрпақ»  клубын  колледждің  белсенді  студенттері  альянсы  жүргізіп  оларға  жас  мамандардан  жетекшілер  бекітілді.

Студенттер  альянсының  белсенді жүргізген  жұмыстарының  нәтижесінде  студенттер  және  олардың  жетекшілері  облыстық  қосымша  білім  беру  орталығының  арнайы  сертификатымен  марапатталды.

   

Ұстаздарының  сенімін  ақтаған студенттер  «Саналы  ұрпақ»  клубының  белсенді  мүшелеріне  айналды.

         

Жыл  сайынғы  ұстаздардың төл  мерекесінде  колледждің  педагогикалық  қызметкерлері  шәкірт  тәрбиелеудегі  ерен  еңбектері  үшін  облыстық  адами-әлеуетті  дамыту басқармасының,аудан  әкімдігінің  құрмет  грамоталарымен  марапатталды.

Облыстық  колледждер арасында  өткен  «Өнерлі  ұстаз-2018» байқауында арнайы  пән  оқытушысы  Жүсіпбаева  Ақтолқын  жүлделі  2-  орынмен  марапатталды.

Колледждің негізгі  контингентін  жатақхана  студенттері  құрағандықтан  «Жатақхана  өмірі- тұра  білсең  көңілді»  айдарымен  апта  сайын  түрлі  бағыттар  бойынша  шығармашылық  концерттерін  беріп,мәдени  іс-  шаралар  өткізіп  отырды.

Колледж  студенттеріне  аудандық  мешіт  медрессе  мамандары  имандылық  тақырыпта  кездесулер  өткізді.

Әр  өңірдің  шалғай  елді мекендерінен  келген студент  жастар  жатақханада жатып  өз  қабілеттерін  шыңдап, «Сегіз  қырлы- бір  сырлы»  екендіктерін өткен  оқу  жылында  көрсете  білді.

 

Өйткені  жатақханада  аптаның  әр  күніне  үйірмелер  қарастырылған.Спорт  күні,мамандықтарды  игеру  күні,өзін-өзі  басқаруында  өтетін  мәдени  іс-шара,танымдық  психологиялық  тренинг,жастардың  арасында  дебаттар,қыздарға  кеңес,Отандық  тәрбиелік  мағынадағы  фильмдер  көрсетіледі. 

        

Ауданнан  шыққан  жергілікті  композитор  Нышан  Төлегенов  жатақхана  жастарымен  кездесу  өткізді.

Алғабасым  әнінің  авторы  студенттерге  «Елге  сәлем»  атты  концертін  тарту  етті.

         

Студенттер  арасында  суицидтің  алдын-алу  үшін, келеңсіз  жағдайлар  мен  жат  қылықтардан  зардап  шеккен  жастарға  психологиялық  көмек  көрсету  мақсатында  студенттермен  облыстық  семинар  өткізілді.

Психологиялық  тренингке  студенттер  белсенді қатысып  өз  сұрақтарына  жауап  алды.

Құқықбұзушылықпен  қылмыстың  алдын  алу  мақсатында  аудандық  полиция  бөлімінің  бастығы  полиция  полковнигі  Дауыл  Панзабеков  студенттермен  кездесу  өткізді.

           

Кездесуде  студенттер  құқықтық  жауапкершілік  әлімжеттілік,ақша  бопсалау,бұзақылық  қылмыстарын  жасағаны  үшін  заң  алдында  жауап  беретіндіктерін  сезінді.

Студент  қыздарға салт-  дәстүрді  қалай  сақтау керектігі  жайлы мұғалім  апайлары  ұстаздар  байқауында  көрсетіп берді.

        

Сонымен  қатар  тәтті  тағам  дайындау,  оны  аспазшы  топтарына  үйрету  мақсатында  түрлі  тағамдар  жасалды.

        

«Ешкім  де,  ешқашан  да  ұмытылмайды»  атты  патриоттық  тақырыпта  студенттер  ауған  соғысы  ардагерлерімен  кездесті.

        

«Ана- әлем  шуағы»  атты  аналар  мен  қыздарға  құрмет  көрсету  колледж  студенттерінің  ер  балдарына  жыл сайын   дәстүрге  айналған.

      

«Жеңісімді  туған  елге  арнаймын»  атты  колледж  студенттерімен  ұстаздары  салауатты  өмірді  қалыптастыру  мақсатында  аудандық  мектеп  аралық  командалармен  волейбол  ойынынан  жолдастық  кездесу  өткізді.

Студенттердің  жаңа  жыл  мерекесі  балдық  кешке  ұласып,жатақхана  студенттері  ерекше  форматта  өткізді.

Шымкент  қаласындағы  «Бал-  текстиль» компаниясы  жатақхана  студенттеріне  90  кілемді  демеушілік  жасап  акциялық  бағамен  тарту  етті.

Жомарт  азамат  Ысқақов  Талғаттың  демеушілігі  жатақхана  студенттеріне  жаңа  жыл  қарсаңында  жақсы көңіл-күй  сыйлады.

      

Елбасы  Н.Назарбаевтың  2019  жылды  «Жастар  жылы»  деп  жариялауына  байланысты  колледж  дирекциясы  студент жастарға  жоспарын  түсіндірді.

Студент  жастар  «Жастар  жылының»  ашылу  салтанатын  тікелей  эфирден  көрді.

 «Жастар  жылының»  алғашқы  жетістігін  колледж  студенттері  Сәулебек  Мәди,Нұржанқызы Құндызай  республикалық  байқаудан көркем  сөз  оқудан  бас  жүлде  және  1-орынмен  марапатталып  қайтты.

         

Облыстық  колледждер  арасында  мамандықтардың  көрме  байқауында  Автоэлектрик  мамандығының  студенті  Шералы  Ернар  өз  шығармашылығын  сәтті  қорғады.

Информатика  мамандығының  өндірістік  оқыту  шебері  Қамбарұлы  Қанаттың  дайындаған  шәкірті  Асаев  Алмаз  күміс  медальмен  марапатталып  қайтты.

       

Автокөлікті  жөндеу  слесарінің  мамандары  ескі москвичтен  құрап  жасалған  Гелендваген  автокөлігі  облыс  әкімінің  назарына  ілікті.

      

«Жастар  мәңгілік-  тәуелсіз  елдің  болашағы»  атты  облыстық  студенттердің  өнер  фестивалінде  колледж  ұжымы  жүлделі  3- орынмен  марапатталды.

    

Колледж  студенттерінің  өнеріне  әділқазылар жоғары  баға  беріп  кетті.

     

6- күндік  әскери  оқу-  дала  жиынын  колледждің  барлық  топтары  взводтарға  бөлініп  жоғары  дәрежеде  өткізді.

  

Алматы  қаласында  өткен  «Жеті  өнер  ІІІ  нші

 

Халықаралық  жастар  шығармашылық  фестивалінде  колледж студенттері  Сәулебек  Мәди  көркем  сөз  оқудан  бас  жүлдені

Сатман  Мәди  эстрадалық  ән  байқауынан бас  жүлдені 

   

Жастар комитетінің  жетекшісі  Нұрланұлы  Орынбасар  «Үздік  тәлімгер»  номинациясымен  марапатталып  қайтты.

Зейнет  жасына  келген  колледж  қызметкерлері  Күлпаршын  Қошқарова, Күлсара  Пралиева,  Сәуле  Раманқұловаларды  «Дара  жол»  форматында  зейнеткерлікке  ерекше құрметпен  шығарып  салды.

 

Колледж  бітіруші  топ  мамандары  кәсіпкерлермен  бірлесе  отырып  меморандум  жасалды.

      

Іс-  тәжірибеден  өткізіп,жұмысқа қабылдау үшін келісім-шарт  жасалып,  бұйрықтар  шығарылды.

      

Колледждің  5  жылдығына  орай  оқу  жылының  «Үздік  тобын»  Автоэлектрик  мамандарын  №  1-03  топ  студенттері  жеңіп  алды.

 

Өткен  оқу  жылының  барлық  белестерін  бағындырған  колледж  ұстаздары  әр  саланың  үздіктері  атанды.

2  жыл  10  ай  оқып,  мамандықтарын  толық  игерген  болашақ  жас мамандар дипломдарын алып  өмірге  жолдама  алды.

        

«Арыс-  біз біргеміз»  атты  Республикалық  қайырымдылық  акциясына  колледж  ұстаздары да  көмек  қолын  созып  бір  күндік  жалақыларын  аударды.Жастар  комитетінің жетекшісі  Нұрланұлы  Орынбасар,арнайы  пән  оқытушылары  Сауранов  Хамидулла ,Бердібек  Шоқан,  жүргізуші  Дәрімбеков  Мұхит  1-  ай  Арыс  қаласында  болып,халықпен  құжаттау-  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізіп  қайтты.

Жаңа  оқу  жылына  225  грант  бөлінсе  9  сынып  бітірген  175  талапкерге  27  тамыз  күні