Түркістан облысының адам әлеуетін дамыту басқармасының "№19 колледжі" МКҚК
0
Колледж тарихы

 

1958  жылы  № 85 Селолық кәсіптік техникалық училищесі  болып  Жүзімдік машина –трактор станциясының базасында құрылған. Сол жауапты кезеңнен  бастап мекемені  Қорғанбаев Ноғайбай басқарған.

1958-1961 жылға дейін басшылық еткен  Қорғанбаев Ноғайбайдан  кейін басшылықты  оның оқу ісі жөніндегі орынбасары  Рүстемов Төрехан  1962 жылға дейін басқарды. 

Ал 1962-1971 жылдарда ұжымды  Әлжанов Сәни  басқарған  болатын.    

1983 жылы мекеменің атауы 1993 жылға дейін  №  26  Орта кәсіптік техникалық училищесі болып өзгертілген.

 

Осы кезеңдерде мекемені  басқарған :

 

  • 1971-1977 жылдары Тазабеков  Ізмахан 
  • 1977-1984 жылдары  Хабиев  Сейілхан
  • 1984-1985  жылдары  Пәрменов Әбдіғаппар
  • 1985-1988 жылдары  Әбілқасымов Шабиден 
  • 1988-1989 жылдары Сәрсенбеков Әлібек
  • 1989-1990 жылдары Есенбекова Қарашаш апайлар директорлық қызмет атқарған.

Осы жылдардағы  даярланған мамандықтар:

 

1.Комбайнерде

2.Кең профильді тркторист-машинист

3.Ауыл  шаруашылығының механигі

4.Автакөлік жүргізушісі

5.Шопан механизатор

6.Бухгалтер-есепші

7.Дәнекерлеу мамандығы

8.Вет.санитарда

9.Дүкен сатушысы

10.Тігінші  мамандығы

11.Аспазшы

12.Электромонтер

 

  1993 жылдан 1997  жылға  дейін  № 19  Орта кәсіптік техникалық училищесі

  • дан 2000 жылға дейін № 19 Шаян кәсіптік техникалық мектебі
  • дан 2002 жылға дейін № 19 Алғабас кәсіптік техникалық мектебі

  2002  жылдан  2008 жылға дейін  № 19  кәсіптік мектебі болған.

   2008 жылдан 2012 жылға дейін мекеме атауы  № 19 кәсіптік лицей  қазыналық кәсіпорын мекемесі  болып өзгертілген. Осы  кезеңдерде  мекемені  Медеу  Құдайберген  басқарса,2011  жылдың  мамыр  айы  мен  2014  жылдың наурыз  айына  дейін директорлық  қызметті   Алиасқаров  Лесбек  басқарды.

   2012 жылдың  24  желтоқсан айынан бастап мекеме атауы   № 19 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып осы күнге дейін өзгертілмей келеді.

  № 19 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын  2014 жылдың сәуір  айынан     

   бастап  Омарбеков  Бақыт  Ербатырұлы  осы күнге дейін басқарып келеді.