Түркістан облысының адам әлеуетін дамыту басқармасының "№19 колледжі" МКҚК
0
Директор блогына қош келдіңіз
 

Омарбеков  Бақыт  Ербатырұлы  1956  жылдың  5  тамызында  Бәйдібек  ауданы  Ақбастау  ауылында  туылған.1973  жылы  осы  ауылдағы  Ш.Уалиханов  атындағы  орта  мектепті  бітіріп  Шымкент  педагогикалық  институтының  математика факультетіне  оқуға  түседі.Аталған  оқу  орнын  1977  жылы  аяқтап,  Бәйдібек  ауданы  С.Ерубаев  атындағы  орта  мектебінде  математика  пәнінің  мұғалімі  болып  еңбек  жолын  бастайды.1978  жылы  Ш.Уалиханов  атындағы  орта  мектебінде  мұғалім,1980  жылы  Созақ  ауданы  Тасты  ауылы  «Абай»  орта  мектебінде  математика  пәні  мұғалімі  және  аға  тәлімгер  болып жұмыс  атқарған.1982  жылы  Шымкент  қаласындағы  М.Әуезов  атындағы  №  32  мектепте  математика  пәні  мұғалімі  болып, 1985-1987  жылдары  осы  мектепте  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  болып  қызмет  атқарады.1988-1993  жылдары  Боралдай  елді  мекенінде  О.Тайманов  атындағы  мектебінде  математика  пәні  мұғалімі  болса,1993  жылы  Ш.Уалиханов  атындағы  орта  мектебінде  информатика  пәнінің  мұғалімі  болды.2001  жылдан  осы  мектепке  мектеп  директоры  болып  қызмет  атқарған.Алған  марапаттары  2004  жылы  Білім  және  ғылым  министрінің  «Құрмет»  грамотасымен,2005  жылы  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  10  жылдығына  арналған  Президенттің Алғыс  хатымен,2007  жылы  екінші  рет  Алғыс  хатымен  марапатталған.2007  жылы  аудандық  «Жыл  директоры» номинациясының  иегері  атанған.Осы  жылы  аудандық  мәслихаттың  «Құрмет»  грамотасы  мадақталса,2008  жылы  облыстық  мәслихаттың  «Құрмет»  грамотасымен марапатталады.2006  жылы  облыстық  «Білім  ұясы» ІІ  республикалық  конкурсына қатысып,бас  жүлденің иегері  болса,осы  сайыстың  республикалық  кезеңіне  қатысып,жүлдегер  атанған.2014  жылы  30  наурыздан  бастап  №  19  колледжге  директор  болып  тағайындалған.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.

В этой форме вы можете задать ваш вопрос:
Защитный код
Обновить картинку